Атом электр станциясынан бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшері баламалы энергия көздерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. АҚШ-тағы Radiant Energy Groupтың басқарушы директоры Марк Нельсон осылай дейді. Зерттеушінің пікірінше, көмірмен жұмыс істейтін станциялары 1 квт/сағатына 1000 грамм, газ электр станциялары 400 грамм көмірқышқыл газын бөледі. Жаңартылған энергия көздері де баяу қарқында көміртек бөледі. Мәселен күн панелдері ұзақ жыл жұмыс істеген соң күн түспеген сәттерде квт/сағатына 20-дан 100 граммға дейін көмірқышқыл газын бөле бастайды. Жел электр станциясы да 5-тен 25 грамға дейін көміртек бөледі. Ал атом электр станциясынан бөлінетін көмірқышқыл көлемі квт/сағатына 2-2,5 гр құрайды. Дүние жүзіндегі атом электр станцияларының көпшілігі ең көп дегенде атмосфераға шамамен 5 г көмірқышқыл газын шығарады.
Марк Нельсон, АҚШ Radiant Energy Group басқарушы директоры:
Германия өткен жылы атом станцияларының жұмысын тоқтатқанымен, оның соңы жақсылыққа әкелмеді. Ядролық реакторларды пайдаланудан бас тартқан кезде керісінше, көмірқышқыл газының шығыны артты. Екіншіден, ел үшін қаржылай қиындық туғызды. Олар атом электр станцияларын ауыстыру үшін әлдеқайда қымбат баламалы энергия көздерін іздеуге көп уақыты мен қаражатын кетірді. Мұндағы электр энергиясының құны әлемдегі ең жоғары бағалардың қатарында болды. Ақырында соңғы атом электр станциялары жабылған кезде Германияда энергетикалық дағдарыс басталды. Егер ел атом электр станцияларын сақтап қалса, ондаған миллиард еуроны үнемдеген болар еді.