Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді

08.08.2024

Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді. Мәртебелі мейман ертең елордада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Ильхам Әлиевті әуежайдан Үкімет басшысы арнайы күтіп алды. Бүгінде Қазақстан Әзербайжанмен сауда-экономикалық және мәдени байланыс нығайып келеді. Өткен жылы өзара тауар айналымы 14,3 % артып, 529 млн долларға жетті. Қос мемлекеттің мұнай-газ, көлік-логистика және цифрлық коммуникация салаларында ортақ жобалар бар. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы теңіз түбімен талшықты-оптикалық байланыс және су электр желісін тарту жобаларын іске асып жатыр. Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықты арттыру мақсатында бірлескен тікелей инвестиция қоры құрылды. 

Хабарламаларға жазылу