Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ертең Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді. Осы саяси шарада Қазақстан Президенті мен Жапония Премьер-министрі екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Жандос Темірғали