Мүгедектігі бар жандарға кәсіп бастау үшін мемлекет тарапынан бір реттік қайтарымсыз гранттар қарастырылғаны жөн. Алматыда «Тең қоғам» ұйымының жетекшілері Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесіп, осындай ұсынысын жеткізді. Одан бөлек тағы бірнеше мәселе талқыланды. Әлеуметтік осал топтағылардың барлығы бірдей жұмыс таба алмайтынын жеткізді. Ал өз алдына жеке кәсіп бастау үшін бастапқы кезде қаражат қажет. Сенат депутаты Ләззат Қалтаева қаржы ұйымдары мүгедектерді төлем жасауға қабілетсіз деп танып, көп жағдайда несие бермейді дейді. Сенатор Үкіметте «Әлеуметтік кодекс» туралы заңға түзетулер мен өзгертулер енгізіліп жатқанынан хабардар етті. Мұнда көтерілген мәселелер күзде депуттардың талқылауына жіберіледі, - дейді Ләззат Қалтаева.
Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біз Алматының ғана емес, барлық өңірде кездесетін мәселені көтердік. Қазір 1-2 топтағы мүгедектерге тұрғын үй, сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы пәтер алуға мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ оларға шипажайға жолдама берілгенімен, олар толыққанды ем-дом қабылдай алмайды.
Кенжеғұл Сейітжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жергілікті жердің денсаулық сақтау департаментіне көптеген сұрақтар қойылды. Әсіресе тізімде бар, бірақ ол берілмей жатқан дәрілерге байланысты сұрақтар қойылды. Дәрілердің қымбаттығына байланысты. Мүгедектігі бар азамат зейнетке шыққан кезде, төлемақы бар ғой, соны ең болмаса 50 пайызға қалдырмасқа деген сұрақтар көтерілді.
Айдана Қуантхан