Ганьсу провинциясын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ганьсу провинциясын су басты

07.08.2024

Қытайдың солтүстігіндегі Ганьсу провинциясында өзен суының деңгейі көтеріліп, бөгет бұзылған. Мұның алдында өңірде толассыз нөсер жауын жауды. Тасқын жүріп, жолдарды су басты. Тіптен бұған дейін тасқыннан бұзылып, жөнделген жолдарды қайта су шайған. Табиғи апаттан Каңдиң ауылында үйлер су астында қалып, екі адам қаза тапты. Бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Ғалымдар климаттың өзгеруіне байланысты Қытайда мұндай ауа райы жиі қайталанып, тіптен бұдан да ауыр болатынын ескертіп отыр.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу