Камала Харрис АҚШ президенті болған жағдайда вице-президент қызметін атқаратын саясаткердің есімі ресми түрде аталды. Кандидат ретінде Миннесота штатының губернаторы Тим Уолз таңдалған.
Харрис пен Уолз АҚШ-тың 7 қаласына бес күндік турға бірге аттанады. Бұл сапарда президенттікке кандидат Камала Харрис негізгі саяси додалар өтетін маңызды штаттарда өз науқанын күшейтпек.
Уолз 12 жыл бойы Конгресте жұмыс істеген. Ал 2018 жылдан бері Миннесота губернаторы. Ол тәуелсіз және консервативті сайлаушылардың қолдауына ие болуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы