Жанар-жағармай тасымалына шектеу ұзарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанар-жағармай тасымалына шектеу ұзарады

06.08.2024

Жанар-жағармайды елден шығаруға қойылған шектеу тағы 6 айға ұзартылуы мүмкін. Энергетика министрлігі бензиннен бөлек, жыл соңына дейін елімізден дизель отыны мен мұнай өнімдерін көлікпен экспорттауға тыйым салмақ. Тек авиациялық отын бойынша тиісті құжаттар болған жағдайда өнімді сыртқа шығаруға рұқсат беріледі. Заңсыз жанар-жағармай тасымалын Ішкі істер министрлігі бақылауға алады. Тиісті құжат Ашық порталында жарияланды. 19 тамызға дейін коғамдық талқылаудан өтеді.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу