Салық кодексі жобасын талқылау бойынша жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салық кодексі жобасын талқылау бойынша жиын өтті

06.08.2024

«Атамекен» ұлтттық кәсіпкерлер палатасы жаңа «Салық кодексін» осы күйінде қабылдауға қарсы. Палата өкілдерінің пікірінше заң жобасында бизнестің мүддесі ескерілмеген нормалар бар. Әсіресе кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеру жемқорлыққа алып келеді дейді. Ал қосымша құн бизнес иелеріне автоматты түрде қайтаруды сұрайды. Сонымен бірге электронды шот-фактураларды «e-Tamga» жүйесіне енгізудің шикі тұсы көп дейді. Ал 1 қаңтарға дейін уақыт аз қалды. Палата өкілдері бес айда жаңа заңның бүкіл кем-кетігін жөндеу мүмкін еместігін айтып, «Салық кодексін» қарау мерзімін ұзартуды ұсынып отыр.

Тимур Жаркенов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

Жаңа заң бизнестің де, мемлекеттің де мүддесін ескере отырып қабылдануы тиіс. Не бұл кодексті сол күйінде қалдыру керек не заңды қайта қарау мерзімін едәуір ұзарту қажет деп санаймыз. 

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу