Елімізде үш күн ішінде медициналық тексерістен өткен 68 адамнан онкология белгілері анықталды. Тағы 83 адамнан обырға әкелетін жағдай байқалған. Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне орай, ел аумағында «Ашық есік» шарасы өтті. 3000-ға жуық науқас дәрігерлердің консультациясын алды. Өкпе обыры – Қазақстандағы ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Жыл сайын шамамен 3 500 жаңа жағдай анықталады. Бұл аурудың негізгі себебі – темекі шегу. Ауру белгілері табылған пациенттер енді диагнозды түпкілікті растау немесе жоққа шығару үшін тереңірек диагностикаға жіберіледі.
Алина Меліс