Биыл 360 мың оқушы 1 сыныпқа барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 360 мың оқушы 1 сыныпқа барады

06.08.2024

Көктемдегі тасқын кезінде республика бойынша 40 мектеп бүлінген. Бүгінге дейін оның 5-і дайын. Тағы 16 білім ошағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 19 мектептің құрылысы уақытында аяқталмай қалуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты. Сондай-ақ биыл қыркүйектің бірі жексенбі күніне түскенімен, алғашқы қоңырау мерекесі ауыспайды деді. Салтанатты рәсім дәл сол күні өтеді. Жаңа оқу жылында еліміздегі 7900 мектепке 4 млн-ға жуық бала барады. Оның 360 мыңы 1 сынып оқушылары. Сондай-ақ министрдің айтуынша, 500 мыңға жуық баланы мектепке дайындау үшін әрқайсысына 43 мың теңгеден бөлінетін болды. Бұл тізімде жағдайы төмен отбасылардың балалары, жетім балалар мен төтенше жағдайға тап болған отбасылар қамтылады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу