Қарағанды облысының Балқаш қаласында қосқабатты үй өртеніп, 8 отбасы далада қалды. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау таңғы сағат 04:00 шамасында басталған. Өрт сөндірушілер жалынмен 2 сағат алысқанымен, 700 шаршы метр жер күлге айналды. Қазір баспанасыз қалған 50-ге тарта тұрғын мектеп-интернаттарын паналауда. Үкімет оларды мемлекет меншігіндегі үйлерді жалға алу жүйесі бойынша орналастырмақ.
Руслан Сыздықов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:
Барлық тұрғындарға алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда еріктілер мен кәсіпкерлер тұрғындарды тамақпен, киіммен қамтамасыз етуде. Оларды уақытша үй жаймен қамтамасыз ету бойынша шаруалар жасалуда.
Жандос Бақытұлы