Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов туған жеріне оралды. Ел мерейін асқақтатқан спортшыны жамбылдық жерлестері шаһардың шығыс қақпасынан зор қошеметпен күтіп алды.
Салтанатты шараға спортшының туған-туыстары, достары, жамбылдық жұртшылық, спорт ардагерлері, спортшылар мен бапкерлер, облыс әкімі және белсенді жастар жиналды. Чемпион көліктен түскен сәттен бастап жүрекжарды тілектерін жеткізіп, құшақ-құшақ гүл шоқтарын табыстады. Ақ жаулықты әжелереміз шашу шашып, ақ сақалды аталарымыз ақ батасын арнады. Осылайша Олимпиаданың тұңғыш чемпионы атанған спортшыға дүйім жұрт қошемет көрсетті. Айта кетейік Елдос Сметов Париж қаласында өтіп жатқан төртжылдықтың басты додасында жеңіс тұғырынан көрініп, ел тарихында дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш чемпионы атанды.