Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады

05.08.2024

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыру үшін, екі ел президенттерінің әкімшіліктері арасында тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды. Президент Астанада халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өтті. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу