Алматыда V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны аясында «Ұлы Дала ойындары» фестивалі өтті. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық спорт түрлерімен кеңінен танысты.
Аяжан Даниярқызы, құсбегі:
Түз құсы болғаннан кейін гармонияға келу біраз қиындық келтірді. Себебі, оның өз мінезі бар, менің мінезі бар. Бүркіттің салмағы жаздың күні орташа 5-6 келі, ал маусым кезінде 7-8 кг барады.Түз құсы болғаннан кейін гармонияға келу біраз қиындық келтірді. Себебі, оның өз мінезі бар, менің мінезі бар. Бүркіттің салмағы жаздың күні орташа 5-6 келі, ал маусым кезінде 7-8 кг барады.
Фестиваль аясында қала қонақтары көкпар тарту, ат үстінде жамбы ату, күрес секілді негізгі ойындармен қатар, қолөнер шеберлері дайындаған әшекей және тұрмыстық бұйымдар көрмесін тамашалады. Дәстүрге айналған шараға жылдан-жылға келушілер саны көбейіп, жастардың қызығушылығы артып келеді, - дейді ұйымдастырушылар.
Нұрлан Оспанов, қалалық «Ұлттық және ат спорты түрлері» Рмқк басшысы:
Ауылдық жерде ұлттық спорт ешкім дамытпай-ақ, дами береді. Сол үшін біз Алматы қаласында ұмытылып кетпес үшін осы фестивальді 8 жыл бұрын бастағанбыз.
Ұлттық спортты дамытуға бағытталған игі бастамаға қатысушылар спорттың 12 түрінен бақ сынасты. Балалар асық атып, мергендігін байқаса, есепке жүйріктері тоғызқұмалақтан сынға түсті.
Айдана Қуантхан