Қарағанды облысында «Таза ойындар» атты экологиялық жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында «Таза ойындар» атты экологиялық жарысы өтті

03.08.2024

Қарағанды облысы Теміртау қаласында “Таза ойындар” атты экологиялық жарысы өтті. Ерекше сенбілікке ерікті жастар белсенді қатысуда. Олар қоқыс жинап, оны сұрыптап сайысты, нәтижесінде түрлі сыйлықтарға ие болды. Мұндай іс шараларда қарапайым сенбіліктерге қарағанда 10 есе көп қоқыс жиналады дейді қатысушылар. 

Мадина Елеусізова, ерікті:

Ойын түрінде жастарға жеткізу оңайырақ, ол да қызықты. Құр әңгімеге қарағанда ойын түрінде маңызын тез жеткізу тиімді. Осы акцияға біздің еріктілеріміз апта сайын қатысады, апта сайын қандай да бір көл жағасына шығып сенбіліктер, Таза бейсенбі секілді акциялар өткіземіз.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу