АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис жеткілікті дауыс жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис жеткілікті дауыс жинады

03.08.2024

АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис қарашада өтетін президент сайлауына кандидат болу үшін жеткілікті дауыс жинады. Дауыс беру онлайн түрде өткен. Харрис - АҚШ президенттігіне үміткер болып отырған алғашқы қара нәсілді әйел.

Ал қарсыласы Дональд Трампты жеңген жағдайда, Ақ үйдің тұңғыш әйел басшысы болмақ. АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден сайлауға қатысуға бас тартқаннан кейін Харристың кандидатурасы ұсынылған еді. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу