Қостанай облысында «Аманат» партиясының бастамасымен әйелдер форумы өтті. Ауылдық жерлерде тұратын қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлі мен белсенділігін арттыруға бағытталған мұндай шара соңғы 7 жылда үзбей өткізіліп келеді. Ауыл-аймақтарды тұрақты дамыту, әйелдерді кәсіпке баулу, оларды жұмыспен қамту мәселелері жиында кеңінен талқыланды. Форум аясында кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан ұлттық бұйымдар мен түрлі өнімдер көпшіліктің назарына ұсынылды.
Дәуренбек Әбдібек