Ұлттық Олимпиада комитеті төрешілердің үстінен шағым түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық Олимпиада комитеті төрешілердің үстінен шағым түсірді

02.08.2024

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жегінің нәтижесіне байланысты бокс төрешілеріне қатысты шағым түсірді. Дәл осы Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек қорытындысы күмән келтірді.

Ұлттық Олимпиада комитеті бокс бәсекесіндегі кейбір төрешілердің іс-әрекетімен келіспейді. Халықаралық бокс федерациясының Париждегі өкілдігіне жіберілген ресми хатта осыны түсіндіру талап етілген. Комитеттің ақпаратына сай, қазақстандық боксшы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті деп санайды. Қазір зерттеу жүргізіліп, бірқатар төрешілерге қатысты тергеу басталған. Төрешілердің қателігі дәлелденсе, қызметінен шеттетілуі мүмкін. 


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу