Елімізде халық саны жарты жылда 125 579 адамға өсті. Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай Қазақстанда тұратын адам саны 20 млн 159 мың 707-ге жеткен. Оның ішінде: қала тұрғындары - 12 млн 573 мың 637, ауыл тұрғындары - 7 млн 586 мың 70 адам. 118 мың 579 сәби дүниеге келсе, 7 мың 289 адам көші-қон есебінен қосылған. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана, Шымкент, Алматы қалаларында байқалады.
Аида Ахметбек