Атырауда бір үйдің екі баласы суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда бір үйдің екі баласы суға батып кетті

01.08.2024

Атырауда тағы қайғылы жағдай. Қалаға қарасты Құрманғазы ауылында бір үйдің қос бірдей баласы Жайық өзеніне батып кетті. Оқиға бүгін түсте болған. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, 7 жастағы ер баланың денесі судан шығарылды. Ал 9 жастағы қыз баланы сүңгуірлер іздеп жатыр. Іздестіру жұмыстарына 6 құтқарушы мен 3 жүзу құралы жұмылдырылған.

Айта кетейік бұл өңірдегі соңғы бір айда болған алтыншы қайғылы оқиға. Бұған дейін 4 жеткіншек өзенге батып ажал құшқан еді. Арнайы мамандар барша ата-анаға балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздігіне барынша назар аударуға шақырады.


Ғабит Ұзақбай

Хабарламаларға жазылу