Бангладеште мұғалімдер зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште мұғалімдер зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты

01.08.2024

Бангладеште мұғалімдер студенттерге деген зорлық-зомбылықтың жиілеуіне наразылық білдірді. Университет профессорларымен бірге шеруге жүздеген студент қатысқан. Шара қақтығысқа ұласпауы үшін полиция қызметкерлері тәртіпті бақылады. Бангладеште жағдай өткен айда ушыққан еді. Бұған үкіметтің жұмысқа орналастыру бойынша квота жүйесін реформалау жоспары түрткі болған. Студенттер аталған бастаманы алалаушылық деп мәлімдеп, жаппай шеруге шықты. Шеру тәртіпсіздікке ұласып, 150-ден астам адам қаза тапты.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу