Париж олимпиадасында бүгін қазақстандықтар спорттың төрт түрінен жарыс жолына шығады.
Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко жекелей сында садақ атса, Арина Алтухова және Александра Ле нысананы көздейді. Нұрлыхан Шархан татамидегі тартысқа түседі. Бокстан Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады. Ал Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Айбек Оралбай ширек финалда өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 1 алтын, 2 қола жүлде бар.
Азамат Бейбітұлы