Алматы облысында «Қазақтелекомның» электр сымы үзіліп, бала мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Қазақтелекомның» электр сымы үзіліп, бала мерт болды

01.08.2024

Шырғанақ ауылындағы жер үйдің ауласына электр сымы үзіліп түсіп, ойнап жүрген балалардың біреуі барып оны ұстап қалған. Қатты соққан тоқтың кесірінен бүлдіршін сол жерде көз жұмған. Жазатайым оқиғаны облыстық полиция да растап отыр.

«Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жұмысты орындау немесе қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметті көрсету фактісі бойынша қазір қылмыстық істі тергеу басталды.

Ал компания өкілдері жұмысына салғырт қараған қызметкердің жауапқа тартылатынын хабарлады. Сондай-ақ, зардап шеккен отбасыға жан-жақты әрі материалдық қолдау көрсетілетіні айтылды.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу