Туризм саласында ынтымақтастық артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризм саласында ынтымақтастық артады

31.07.2024

Өзбекстан тұрғындарының еліміздегі көрікті жерлерді тамашалауға қызығушылығы артып келеді. Әсіресе Алматы мен Көкшетаудағы табиғаты көркем тау баурайы, сондай-ақ Арыстан бап пен Түркістанды көруге ниет еткендер көп. Ал биылғы жылдың алғашқы алты айында өзбек еліне сапарлаған 3,5 млн-дай саяхатшының шамамен төрттен бірі қазақстандықтар. Енді бауырлас ел әлемнің мықты деген 50 блогерін шақырып отыр. Әлеуметтік желінің белсенділеріне қойылатын басты талап – тіркелушісі он миллион адамнан кем болмауы тиіс. Тізімде қазақтар да бар. Мақсат- туристер ағынын арттыру. Ол үшін Үкіметтен қомақты қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін саяхатшылар санын 10 млн-ға жеткізу мақсатында жаңа туристік аймақтар ашылған.

Фаррух Эрматов, Туризм комитеті халықаралық ынтымақтастық департаменті басшысының орынбасары:

Туризм саласын әртараптандыру жобасы қолға алынған. Нәтижесі де айтарлықтай. Алыс-жақын елдерден келетін саяхатшыларды әсіресе зиярат туризмі қызықтырады. Тарихтан сыр шертетін көне қалалар мен киелі орындарды сақтау, келушілерге мол мағлұмат беру - басты мақсатымыз.

Хабарламаларға жазылу