Алматы облысы Қонаев қаласында қоғамдық көліктердің бірінде, жолаушылар арасында жанжал туды. Соның кесірінен 41 жастағы ер адам бұғанасы мен мойын тұсынан жарақат алған. Оқиға орнынан жолаушы жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізіліп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Дәрігерлер мойын тамырларының компьютерлік томографиясы мен кеуде қуысын тексеріп, күре тамырына зақым келмегеніне көз жеткізген. Қазір науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді. Ал облыстық полиция басқармасының хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында шабуыл жасаған 36 жастағы ер адам ұсталды.
Айдана Қуантхан