«Елге абыроймен оралуға бар күшімді саламын»: Парижде төрт боксшы ширек финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елге абыроймен оралуға бар күшімді саламын»: Парижде төрт боксшы ширек финалға шықты

31.07.2024

Кеше ғана ерлер арасында 80 келі салмақ дәрежесінде бокстасқан Нұрбек Оралбай мен 51 келі салмақтағы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңді.

Нұрбек Оралбай аустриялық Каллум Питерстен басым түссе, Сәкен Бибосынов түркиялық былғары қолғап шебері Самет Гумушты жеңді. Осылайша қос боксшымыз ширек финалға шықты.

Айта кету керек, бұған дейін ерлер құрамасынан Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Айбек Оралбай 4/1 финалға жолдама алған еді. Ал Нұрбек пен Сәкеннің ендігі қарсыластары әзербайжандық Мұрат Аллахвердиев пен өзбекстандық Хасанбой Дусматов.

Сәкен Бибосынов, бокстан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:

Қарсылас осал емес. Жекпе-жек оңай болған жоқ. Үшінші раундта қателіктер болды. Келесі жекпе-жекте қайталамауға тырысамын. Шаршы алаңда аянып қалмаймын. Соңғы демім қалғанша күресемін.

Нұрбек Оралбай, бокстан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:

Бар күшімді салдым. Бүкіл халық көріп отыр. Елге абыроймен оралуға бар күшімді саламын. Бізге жанкүйер болыңыздар. Сіздердің қолдауларыңыз бізге қажет.

Нұрсұлтан Тілектес

#бокс #спорт #олимпиада2024

Хабарламаларға жазылу