Қарағанды ферроқорытпа зауыты: Қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көмек берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды ферроқорытпа зауыты: Қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көмек берілді

30.07.2024

Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат кезінде күйік шалып, қайтыс болған 4 жұмысшының бірі шетел азаматы. Зауыт басшылығының мәліметінше, қаза тапқан азаматтардың отбасына 10 жылдық жалақы мөлшерінде қаражат аударылып, несиелері жабылған. Баспанамен де қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге салайық шілденің 20-сында өндіріс орнында пештен жалын атқылап, 8 жұмысшы күйіп қалған еді. Төртеуі ауруханада көз жұмды. Екеуінің беті бері қарағанымен, қалған екеуі әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу