@TazaQazBot телеграм чаты іске қосылған күннен бастап 1258 өтінім келіп түскен. Оның 500-ге жуығына кері байланыс түрінде есеп берілді. 542-сіне мамандар жауап дайындап жатыр. Шағымдардың басым бөлігі қоқыс тазалау жұмыстарына байланысты дейді жауапты министрлік. Еске сала кетейік, осыдан 20 күн бұрын @tazaQazBot чаты іске қосылған еді. Сервисті іске қосудағы мақсат – экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Аида Ахметбек