Түркістан облысында 16 жастағы қыз бала селфи жасаймын деп суға батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментіне Сайрам-су таулы өзені маңынан сағат 10:00-де қыздың суға батып кеткені туралы ақпарат түскен. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап кетті. Қыздың денесін әлі іздестіріп жатыр.