Орталық Азия елдері арасында, әйелдердің жұмыс күші ретінде еңбекке тартылу деңгейі бойынша, Қазақстан көш бастап тұр. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сай, пандемия кезінде қыз-келіншектердің еңбек нарығына араласу үрдісі күрт төмендеп кеткен еді.
Соңғы үш жылда біртіндеп өсіп келеді. Былтыр бұл көрсеткіш әлем бойынша еңбекке қабілетті жастағы әйелдердің 48,7%-ын құрады. Ал, Орталық Азия елдері арасында әйелдердің еңбекке араласуының ең жоғары деңгейі Қазақстанда – 63,2%. Одан кейінгі орында 59,2% -бен Беларусь. Үшінші болып кестеде Армения тұр. Бұл елдегі көрсеткіш 56%. Қыз келіншектердің жұмысқа тартылуының ең төменгі деңгейі Тәжікстан мен Өзбекстанда. Қос елде сәйкесінше 31,5% және 39,9%.
Әлем бойынша - 48,7%
Қазақстан – 63,2%
Беларусь – 59,2%
Армения – 56%
Өзбекстан –39,9%
Тәжікстан – 31,5%