Қостанайда «Жастарға жұмыс» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті. Мұндай іс-шара Қостанайда үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат – еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ретту. Мысалы жас мамандар жұмыс таппай жүрсе, көптеген кәсіпорындар керсінше кадр тапшылығының зардабын тартады.
Былтыр осындай жәрмеңке кезінде 20 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 50 адам сынақтан өтуге жолдама алыпты. Биылғы жәрмеңкеге 40-тан астам жұмыс беруші келді. Олар 500 дей бос орынды ұсынып отыр.
Руслан Цой - Жұмыс іздеуші:
Менің мамандығым инженер мұнайшы. Алайда бұл мамандық бойынша жұмыс таппадым. Сондықтан осында келдім. Егер өзіме ұнайтын ұсыныс болса, сынақтан өтіп көремін.
Дәренбек Әбдібек