Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шетелдік блогерлердің назарында. Туризм тақырыбында қалам тербейтін, контент дайындайтын 11 инфлюенсер әлемнің сегіз елінен келді. Олардың арасында 2 млн-ға жуық оқырманы бар малайзиялық актриса әрі блогер Нұр Рухайни Фареа да бар. Вьетнам, Италия, Таиланд, Қытай, Оман, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстандық қонақтар дүбірлі доданың ерекшеліктерімен етене танысты. Оларға ұйымдастырушылар көшпенділер ойындарының артықшылықтарын және сайыс түрлерін түсіндірді. Алыс-жақын шетелдерден келген меймандар асық ойнап, садақ атысып, таяқ тартысты.
Кемал Кая, түркиялық саяхатшы-блогер:
Әлем елдерін аралап, аудиторияма таңғажайып ақпараттарды ұсынамын. 15 жыл болды осы іспен айналысып жүргеніме. Көшпенділер ойындарының ішінде құсбегілік қатты ұнады. Бір спорт түрін ғана тамашалауға мүмкіндігің бар десе, ойланбастан құсбегілікті таңдар ем.
Аша Зайнул, Малайзиялық тревел-инфлюенсер:
Маған садақ ату таяқ тартыс қатты ұнады. Таяқ тартыс дегеннің ойынды бұрын-соңды көрмегем, білмегем. Ал садақ ату біздің Малайзияда да дамыған, бізде ат үстінде тұрып садақпен ататын ойын бар.
Қаракөз Тұрмағанбет