Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығында 18 бас қара мал өлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығында 18 бас қара мал өлген

29.07.2024

Ақтөбе облысындағы Бесқоспа ауылдық округіндегі шаруа қожалығында бір уақытта 18 бас қара мал қырылып қалған. Қазір мамандар мұның себеп-салдарын анықтап жатыр. Мал өлекселерінен сынама алынды. Алдын ала болжам бойынша, ірі қаралар шөптен уланған болуы мүмкін.

Бердімұрат Бекжанов, Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Ірі қара малдары жаңбырдан кейін шыққан улы шөптермен уланған деп алдын-ала диагноз қойылды. Өлекседен патологиялық материал алынды. Мал иесіне малдың жайылысын өзгерту туралы ескертілді. «Санжар-Т» шаруа қожалығындағы барлық жануарларға ветеринариялық іс шаралар жыл басынан бері жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. 

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу