Бүгін Олимпиаданың үшінші күн. Бірақ спортшыларымыздың жолы болмады. Сәрсенбі күні жарысқа шығатын триатлоншылар, бүгін Сена өзеніндеі жаттығулары керек еді, бірақ ол тоқтатылды. Бұған өзен суының ластығы себеп. Бұл туралы Франция билігі мен Олимпиада ойындарын ұйымдастырушы комитет мәлімдеді. Парижден тілшіміз Нұрсұлтан Тілектеспен тікелей қосылымға шығады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Қазір Сена өзені ластанған. Оның ластануына жаңбыр себеп деп жатыр. Париждің қақ ортасында ағып жатқан өзен қаланың маңызды логистикалық жүйесі есептеледі әрі туристердің сүйікті орны. Сондықтан да биыл триатлоншылардың жарысын Сена өзенінде өткізуді жоспарлаған. Олимпиада алдында Франция билігі қыруар қаржы жұмсап өзенді тазалады. Содан кейін тіпті Францияның спорт министрі өзенге өзі сүңгіп, судың сапасын тексеріп, барлық нормаға сай келетінін мәлімдеген еді. Бірақ бүгін өзенде триатлоншылардың жаттығуы екінші мәрте тоқтатылды. Оған судың ластығы себеп. Ресми ақпараттарға сүйенсек Сена суы 31 шілдеге дейін тазартылады. Бірақ, дәл қазір біз өзен бойында ешкімнің жұмыс жүргізіп жатқанын көріп тұрған жоқпыз.
Олимпиадаға тоқталсақ, бүгін спортшыларымз медальсіз қалды. Дзюдошы Данияр Шамшаев, садақ атудан ерлер командасы, семсерші Әйгерім Сарыбай қарсыластарына есе жіберіп жарыстан шығып қалды. Ал ертең спортшыларымыз дзюдо, жүзу, садақ ату және жүзуден сынға түседі.
Нұрсұлтан Тілектес