Қазақстандықтардың жеке деректері желіге тарап кетті. Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы Телеграмда emo есімді қолданушы BreachForums хакерлік форумының деректер базасын желіге жариялап жіберген. Бұл форумға Қазақстаннан 15 хакер тіркелгені болжанып отыр. Тараған деректер тұтынушылардың идентификаторларын, хэштелген құпия сөздерді, жеке хабарламаларды қамтиды. Желіге қазақстандық ресурстардың мәліметтері табылған. Шәкәрім атындағы университеттің студенттері мен талапкерлерінің деректер базасы, 2GIS-Қазақстанның ақпараттары мен Yandex Food пайдаланушыларының деректері және Fonbet букмекерлік компаниясының, Spark көлік-логистикалық компаниясының ақпараттары тараған.
Динара Жарқынбек