Су тасқыны кезінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, эвакуацияланды. Оның 45 мыңы бала. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің өкілдері айтты. Ведомствоның мәлімдеуінше биылғы су тасқыны кезінде 11 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалды, автожолдардың 150 учаскесін су шайып, 11 көпір қирады. Алайда апатпен күрес бір сәтке тоқтамады. Табиғи апаттың күшін жою үшін 63 мың адам қатысты, 7 мың бірлік техника, 418 жүзу құралы, 38 әуе кемесі тартылды.
Аида Ахметбек