Нысана көздеу: Ел қоржынындағы олимпиада жүлдесі төртеуге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нысана көздеу: Ел қоржынындағы олимпиада жүлдесі төртеуге жетті

27.07.2024

Нысана көздеуден ел қоржынындағы олимпиадалық жүлде саны осылайша төртеу болып отыр. Қазақстандық мергендер бұған дейінгі Олимпиада ойындарында екі күміс пен бір қола медальді еншілеген. 1996 жылы Атлантада өткен дүбірлі додада Сергей Беляев қос күмісті қанжығасына байлаған болатын. 50 метр қашықтықтан үш түрлі позициядан және 50 метрден винтовкамен жатып атудан екінші орынды иеленгені ел есінде. Ал жылдам ататын тапаншадан 25 метрден нысана көздеуден Владимир Вохмянин қолаға қол жеткізген еді.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу