Түркияда иесіз иттер туралы жаңа заңға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда иесіз иттер туралы жаңа заңға қарсы шеру өтті

27.07.2024

Түркияда биліктің қаңғыбас иттерді аулау туралы заңды қабылдау жоспарына қарсы ауқымды шеру өтті. Анкара көшелеріне шығып, полициямен қақтығысқан демонстранттардың сөзінше, иттер қамалмай, кастрациялануы керек. Ал үкіметтің мәлімдеуінше, иесіз иттер 30 күн ұсталып, ешкім асырап алмаса, жойылуы керек.
Тәртіп сақшылары шерушілерді қала орталығынан ығыстыруға әрекеттенді. Сол сәтте қақтығыс басталған. Дегенмен зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу