Хакерлер мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік органдардың қызметкерлеріне шабуыл жасай бастады. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, олар мемқызметкерлерге хат жолдаған. Онда «Жалпыға бірдей міндетті декларация» туралы жалған ақпарат бар.
Яғни «Кірістерді декларациялау, төлем қабілеттілігі және банктік шоттарды пайдалану, сондай-ақ жеке коэффициенттерді тағайындау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілгені туралы» жазылған. Сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыруды сұрайды. Мамандар, бұл алаяқтардың әрекеті екені ескертеді. Ешбір сілтемеге өтпеуге, ешқандай сауалнама толтырмауға шақырады. Ресми деректерді кірістер комитетінің сайтынан, не 1414-ке хабарласып, білуге болады деді.
Динара Жарқынбек