Ферроқорытпа зауыты: Екі жұмысшының жағдайы жақсарып келеді, қалған екеуі әлі де ауыр хәлде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ферроқорытпа зауыты: Екі жұмысшының жағдайы жақсарып келеді, қалған екеуі әлі де ауыр хәлде

26.07.2024

Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен 2 жұмысшының жағдайы тұрақталды. Олар қазір палатаға ауыстырылды, ақырындап аяққа тұрып келеді. Өзге екі жұмысшының жағдайы әлі де ауыр. Жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың денесін қатты күйік шалғанын айтады. Қазір мамандар барын салып емдеуде. Өкінішке қарай, 4 жұмысшы қайтыс болғанын бұған дейін хабарладық. Олардың денесінің 80-90 пайызы күйіп қалған.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу