Париж Олимпиадасы: Ұлттық құрамада 79 спортшымыз бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж Олимпиадасы: Ұлттық құрамада 79 спортшымыз бар

26.07.2024

Төрткүл дүние көз тіккен Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын Астанадағы Орталық саябақта орналасқан үлкен экраннан тамалшалауға болады. Төртжылдықтың байрақты бәсекесіне қазақстандық 79 спортшы қатысады. Олар спорттың 25 түрінен 91 лизензия жеңіп алды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайтын болды. Жалпы осы Олимпиадаға 8 млн 800 мың билет сатылғанын айтқан едік. Халықаралық олимпиада комитетінің дерегінше мұндай сатылым осы уақытқа дейін Олимпиада тарихында болмаған. Франция астанасындағы дүбірлі додадан 26 мыңға жуық БАҚ өкілі хабар таратады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу