Тұтынушылық несие көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушылық несие көлемі артты

26.07.2024

Екінші деңгейлі банктердің ел экономикасына берген несиесі 32 трлн теңгеге жетті. Оның 13,5 трлн-ы бизнеске берілген қарыз. Жеке тұлғалар алған кредит те артты. Оның көлемі бір айда 17,9 трлн теңгеден 18,3 трлн теңгеге өскен. Оның 11,6 трлн-ы - тұтынушылық несие. Яғни азаматтарға берілетін кредит мөлшері бизнестің алған қарызына жетіп қалды. Ал ипотека қарызы 5,5 трлн теңгеден асады. Негізі банктен алған несиесін өтей алмай жүргендер де көп. Олардың қарызы 1 трлн теңгеге жетті.

Айя Мүтәлі         

Хабарламаларға жазылу