Германияның Франкфурт әуежайында 270 рейс доғарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның Франкфурт әуежайында 270 рейс доғарылды

26.07.2024

Германияның ең қарбалас Франкфурт әуежайында 270 рейс доғарылды. Бұған экология белсенділерінің авиациялық терминалдың қоршауын құлатып, ішке енуі себепші. Шерушілер ұшу-қону алаңын да басып алған.

Экологтар биыл жазда бүкіл Еуропа әуежайларында ереуіл ұйымдастырып, адамдарға ұшақтарға құйылатын қазба отын мен климаттың өзгеруі арасында байланыс бар екенін ескертпек. Осы мақсатпен белсенділер бұған дейін Испания, Норвегия, Швейцария, Финляндия әуежайларында да демонстрация өткізген.


Хабарламаларға жазылу