Қазақстан көршілес Өзбекстанның негізгі сауда серіктестері арасында алғашқы үштіктен орын алды. Яғни, биылғы алты айда өзбек елімен арадағы өзара тауар айналымы 1,9 млрд долларды құраған. Бұл туралы Өзбекстанның статистика агенттігі хабарлады. Сауда-саттық көлемі бойынша 5,8 миллиард доллар болатын тауар айналыммен Қытай бірінші орында тұр.
Одан кейінгі орынды Өзбекстанмен арада 5,7 млрд доллар тауар айналымы бар Ресей иеленген. Ал, Түркия мен Оңтүстік Корея өзбек елінің ірі сауда серіктестері ретінде Қазақстаннан кейінгі орынға жайғасқан.
Базаркүл Отыншиева