Канада мен Құрама штаттарда орман өрті қаулап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада мен Құрама штаттарда орман өрті қаулап барады

26.07.2024

Алапат өрт Каналаның Джаспер атты тарихи қаласының жартысын жойған. Және де Альберта провинциясында тілсіз жаудан төнген қауіпке байланысты 20 мың тұрғын мен 5 мың турист көшірілді.

АҚШ-тың Калфифорния штатында да жасыл желектер жанып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, мыңдаған гектар орман күлге айналған. Оны сөндіруге мыңнан астам маман мен тікұшақтар, бульдозерлер тартылды. Әзірге өрттің үш пайызы ғана бақылауға алды. Дегенмен, қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, орманға от қойды деген күдікпен бір ер адам тұтқындалған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу