Таза бейсенбі акциясы аясында Жетісу облысының Қаратал ауданында темір жол жиегі тазартылды. Бұл жолғы шараға мемлекеттік қызметшілер қосылып, барлығы 150 адам 5 техникамен 2,5 тонна қоқыс шығарды.
Акция басталғалы ауданда 540 тоннаға жуық күл-қоқыс жиналды. 2500 түп көшет отырғызылып, тазалық жұмыстарына 12 мыңға жуық тұрғын ат салысты. Ауылдардағы 36 ескерткіштің маңайы абаттандырылып, 6 саябақ көгалдандырылды. 154 шақырым арық жүйесі тазартылды.
Марат Қоржанбаев - Қаратал аудандық қоғамдық кеңес төрағасы:
Қазақстан темір жолының жағасын тазалап, өтіп жатқан қонақтарымыз бар, бәрі көрсін. Жаңа Қазақстан, Таза Қазақстан деп жатырмыз. Соған бәрі ат салыссын деп жатырмыз. Және өзіміздің ауыл тұрғындарын да шақырамыз осы тазалыққа.