Түркия қаңғыбас иттерді азайту үшін арнайы құжат әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия қаңғыбас иттерді азайту үшін арнайы құжат әзірледі

25.07.2024

Түркия қаңғыбас иттерді азайту үшін арнайы құжат әзірледі. Заң жобасы Парламентте қызу дебатқа айналды. Ресми дерек бойынша, иесіз ит саны 4 млн-ға жеткен. "Ассоушиэйтед пресс" агенттігінің хабарлауынша, депутаттар даулы құжатты қабылдауға жақын. Бұл жобаға сәйкес, иесіз иттерді жинап, бір жерге қамап, 30 күн ішінде ешкім асырап алмаса, эвтаназия тәсілімен жою керек. Бірақ жануарлар жанашырларының пікірінше, жаңа ереже қабылданса, кейбір әкімшіліктер иттерді жаппай қырудың оңай тәсілін таңдауы мүмкін.

Ал президент Реджеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, бұл заң – иесі жоқ иттерді ең алдымен қамқорлыққа алуға, содан кейін ғана оларға қатысты өзге шара қолдануды көздейді. Соңғы бес жылда иттердің кесірінен жол апаттары көбейген.

Хабарламаларға жазылу