Вашингтонда Биньямин Нетаньяхудың сапарына қарсы ауқымды шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда Биньямин Нетаньяхудың сапарына қарсы ауқымды шеру өтті

25.07.2024

Вашингтонда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың сапарына қарсы ауқымды шеру өтті. Оған мыңдаған адам қатысқан. Капитолиге жол тартқан демонстранттар "Азат Палестина" деп ұрандатты. Олар Газа секторында 39 мыңнан астам адамның өмірін қиған қақтығысты тоқтатуға шақырды. Қарсылық акциясына америкалық еврейлер қауымдастығы да шықты.

Олар Израиль үкіметін кепілдегі 120 адамды босату үшін "Хамаспен" атысты тоқтату туралы келісім жасауға шақырды. Демонстрация кезінде тоғыз адам тұтқындалды. Олардың төртеуі полицияға шабуыл жасағаны үшін ұсталған.

Хабарламаларға жазылу