Қостанайда халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр

25.07.2024

Қостанайда халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр. Оған шетелдік және отандық бизнес өкілдері 500-ге тарта іскер азаматтар жиналды. Форум биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Былтырғы іс-шара аймақтың инвестициялық әлеуетін насихаттауға арналған еді. Соның нәтижесінде облыс әкімдігі мен ірі инвесторлар арасында жалпы құны 440 млрд. теңге болатын жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасалды.

Олардың ішінде Оңтүстік Корея автоконцернімен толық циклді KIA автомобильдері өндірісі зауытын салу туралы келісімді атап өтуге болады. Биылғы форум Қостанай облысының қазіргі заманғы инвестициялық имиджін қалыптастыруға септігін тигізуі тиіс.

Ербол Бірімжанов - Кәсіпкер:

Құр бір саламен тоқтамай басқа да бизнес түрлерін ашқым келеді. Дамығым келеді. Сол үшін осы форумға келіп отырмын. Осындай бизнес алаңдар жиі болса деймін. Өйткені пайдалы. 


Хабарламаларға жазылу