Отбасы банк: Күмәнді фактілер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасы банк: Күмәнді фактілер анықталды

25.07.2024

Зейнетақы қорындағы шекті сомадан асқан қаражатты, тіс емдеу үшін неліктен пайдалануға тыйым салынып жатқанын "Отбасы банк" өкілдері түсіндірді. Бірыңғай оператордың мәліметінше, 4 жылдың ішінде 25 стоматологиялық клиника 63 млн теңге салық төлеген. Ал көрсетілген қызмет құны 91 млрд теңге болан. Бұдан бөлек, кейбір клиникалар күніне 70-тен астам клиентке қызмет көрсеттік деп есеп берген. Күмән келтіретін фактілердің ішінде 21 жастағы азаматқа «тісі мүлдем жоқ» деген диагноз қойылған.

Тіпті, кейбір клиенттер өздерінің зейнетақы төлемдерін ешқандай тіс дәрігерінің қызметін алмай, делдалдар арқылы ақшалай сыйақы төлеп алғандарын айтқан. Олар қажетті медициналық құжаттарды дайындау үшін ортадағы делдалдарға өз еркімен электронды цифрлы қолтаңбаны да бергені анықталды. Осыны негізге алған бірыңғай оператор, Денсаулық сақтау министрлігіне шара қолдануды сұраған. Министрлік 10 тамыздан бастап, 2025 жылдың 1 ақпанына дейін стоматологиялық қызметке бөлінген қаражатты пайдалануды уақытша тоқтатуды жоспарлап отыр.


Хабарламаларға жазылу